Бүгін 26 қаңтар күні "Ертегі", "Балбөбек"орта топтарында математика негіздері сабағынан басталды. Балалар сандарды санап, салыстырды, заттардың аттарын атап: жоғары-төмен, тәулік мезгілдерінің бір-бірінен айырмашылығын салыстыра білді. "Радуга" тобының тәрбиешісі балаларға "Таңғажайып құрылыс" мультфильмін көрсетті. "Ромашка" ересектер тобының балалары серуенде айналасындағыларды бақылап, заттардың пішінін, өлшемін, геометриялық фигуралармен салыстырды. Кіші және ересектер тобының балалары математика негіздері бойынша қимылды ойындар ойнады. Сюжеттік-рөлдік ойыны "Әжеге қонаққа" "Семицветик"орта тобының балалары ұсынды. Белова Лариса Михайловна сандар туралы жұмбақтар жасырды. Ересектер тобының тәрбиешісі балаларға Н. Б.Сытованың "Қаланы геометриялық фигуралар қалай тұрғызды" ертегісін оқыды. Ата-аналар балаларымен бірге «Книжки-малышки» кітапшасын дайындауға белсенді қатысты.